Алматы тауларында 18 жастағы турист құтқарылды

Оқиғалар
21.08.2025
13:40
Алматы тауларында 18 жастағы турист құтқарылды

Түнде Алматы тауларында 18 жастағы турист құтқарылды, деп хабарлайды Travelpress.kz. 


 

Алматы ТЖД құтқару қызметіне боз бала хабарласып, күндіз достарымен бірге тауға шыққанын, бірақ топтан қалып, жолдан адасқанын хабарлады.


 

"БАУ" бақылау-құтқару пунктінің экипажы қызметтік машинамен Проходное шатқалының тұрағына келіп, үш сағаттай жаяу жүріп өтініш берушіні іздеді. Нәтижесінде зардап шегуші Терра алаңы маңында табылып, тау жетегіне дейін сүйемелденді. 


Тәжірибесіз турист қатты тоңып, бойында тау ауруы мен бағдарсыздық белгілері білінді. Бақытына орай, мамандандырылған медициналық көмек қажет болмай, түскеннен кейін ол үйге өздігінен бара алатындай жағдайда еді. 


ТЖМ тауға шықпас бұрын өз тәжірибеңіз бен физикалық мүмкіндіктеріңізді ескере отырып маршрутты жоспарлау қажеттігін еске салады.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.