Алакөлде дельтаплан суға құлады

Оқиғалар
25.07.2024
18:06
Алакөлде дельтаплан суға құлады
Жетісу облысында Ақши ауылының маңындағы Алакөл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары дельтапланмен ұшу кезінде суға құлаған 2 адамды құтқарды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Ер мен әйел адам медицина қызметкерлеріне берілді. Қаза тапқандар жоқ.

"Бүгін 2024 жылдың 25 шілдесінде Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылында сағат 17.15-те дельтаплан апаттық жағдайда қонды. Екі адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер ауруханаға жеткізілуде. Осы авиациялық оқиға бойынша тергеу жүргізілетін болады", - делінген ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.