Алакөлде 4 адам құтқарылды

Оқиғалар
09.07.2024
17:04
Алакөлде 4 адам құтқарылды
Абай облысындағы Алакөл көлінде 4 адам құтқарылды, деп хабарлайды Travelpress.kz. 

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Бүгін Алакөл көлінде патрульдеу кезінде Семей қаласы, Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Болатбек Мұхатов пен Нұрлан Күйшібаев екі ересек пен екі баланы құтқарды. Олар катамаранмен жүзу кезінде жағадан алыс жүзіп, орала алмады.

Қазіргі уақытта құтқарылғандардың жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.