Ақтөбе облысында жол апатынан 8 шетел азаматы қаза тапты

Оқиғалар
05.04.2024
13:15
Ақтөбе облысында жол апатынан 8 шетел азаматы қаза тапты
Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы Toyota-Аlhpard минивенінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

POLISIA.KZ жазуынша, апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы - барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары -  оқиға орнында қаза тапты.
 
Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі  жарылған және соның салдарынан жүргізуші көлікті бақылай алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, соқтығысуға жол берген.
 
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.