Абай облысында суға батып бара жатқан 7 адам құтқарылды

Оқиғалар
26.07.2024
08:00
Абай облысында суға батып бара жатқан 7 адам құтқарылды
Абай облысында суға батып бара жатқан 7 адам құтқарылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Семей қаласының Ертіс өзенінде патрульдеу кезінде жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ерболат Айтқазы мен Әнуар Тағаев қалалық жағажай аумағында 7 адамды құтқарды, оның ішінде ағыс алып кете жаздаған 14 пен 16 жас аралығындағы бес жасөспірім бар.

Аз уақыт аралығында 1982 жылы туған ер адам мен қалтқыларға жүзіп өздігінен жағаға қайта алмаған әйел құтқарылып, жағаға жеткізілді. 

Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.