12 адамды қарлы дауылдан құтқарылды, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Алматы облысының ТЖД 112 пультіне Іле ауданының Күрті ауылынан 10 км қашықтықта екі автокөлік қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел түрде жіберілген құтқарушылар қатты боран мен көрінудің шектеулі жағдайында азаматтарды эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына жүргізді.
Нәтижесінде 12 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды. Барлық эвакуацияланғандар Қонаев қаласына жеткізілді.
