Түркістанда 100-ге жуық іс-шара өтеді

Іс-шаралар туралы құлақтандырулар
14.03.2024
15:19
Түркістанда 100-ге жуық іс-шара өтеді
Түркістан - түркі мемлекеттерінің туристік астанасы атауына орай шаһарда 100-ге жуық іс-шара өтеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. 

2023 жылдың қазан айында Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының туризм мәселелеріне жауапты министрлердің 8-отырысы өткен болатын.

Жиында «Түркістан қаласы - Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы» ретінде белгіленген еді. Осыған орай, шаһарда биыл жыл бойы халықаралық деңгейде - 25, республикалық деңгейде – 21, облыстық деңгейде - 53-тен астам іс-шара ұйымдастырылмақ. Бұл жайында облыстық мәдениет және туризм басқарма басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов брифингте мәлімдеді.
 

"Түркістан қаласының Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы атануы аясында басқарма 18 наурыз күні туристік маусымның ашылу салтанатына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Басқарма жыл бойы «Түркі әлемінің тағамдары» гастрофестивалі, «Туристік астана келбеті» ақпараттық туры, «Көне түркі дәстүрі» этнофестивалі, «Түркістанды бірге ашайық» тележобасы, әуе шарлары фестивалі, «Neke tour» жобасы, «Voice of Turan» халықаралық ән байқауы сынды бірқатар ірі іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, 18-23 наурыз аралығында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріне сапар шегетін «Drive forum silk road fest» атты автошеру өтеді",- деді Нұрдәулет Данабайұлы.

Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.