Сан қырлы Грузия: Бір сапарда түрлі саяхат бағытын ұсынатын ел

Бағыттар
31.08.2026
18:14
Сан қырлы Грузия: Бір сапарда түрлі саяхат бағытын ұсынатын ел

Мартвиль шатқалы, Фото: GNTA

Грузия ұлттық тағамдары мен шарап жасау мәдениеті, Қара теңізі мен Кавказ таулары арқылы барынша танымал. Десе де Грузияны толық танып-білу үшін оның көрікті жерлерін тамашалау жеткіліксіз, бұл елдің саяхатшыға бір сапардың өзінде сан қырлы әсер сыйлай алатын қасиеті бар, деп хабарлайды  Грузияның Ұлттық туризм әкімшілігі (GNTA).

Бірнеше күннің ішінде Грузияға сапарлап келген саяхатшы үлкен қаладағы серуенді тау бөктерінің тыныштығына, теңіз жағалауындағы демалысты жүзім бақтарын аралауға, заманауи қонақүйді  қонақ күтетін отбасылық үйге алмастыруға мүмкіндік алады. Грузиядан осындай сан түрлі әсер алуды мақсат тұтқан саяхатшыға сапар бағытын өз қалауынша құруына мүмкіндік мол.

Сапарыңыздың алғашқы таңында ескі Тбилисиде орналасқан аулада  кофе ішуге, күндізгі уақытты Грузияның табиғаты көркем аймақтары арқылы өтетін жолда жалғастыруға балады. Ал кешке саяхатшы жергілікті тағамдар мен грузин шарабы қойылған мол дастарқанның құтты қонағы болуы қалыпты жағдай.

Ал теңіз жағалауын ұнататын саяхаттаушы сапарды Қара теңізге бағыттаса болады. Табиғат аясында серуен құруды ұнататын саяхатшыға Кавказ таулары,  ну ормандары мен шатқалдары, таңғажайып үңгірлері бар табиғаты тылсым өңірлерге сапар жоспарлауға мүмкіндік бар. Ал Грузияның мәдениеті мен ұлттық тағамдарын танығысы келген саяхатшы тарихы терең қалалар мен шарап өндіретін өңірлерді таңдағаны абзал.

Супра, Фото: GNTA

Айта кетейік,  әртүрлі бағыттар арақашықтығының жақындығы бір сапарда түрлі демалыс түрін үйлестіруге мүмкіндік береді. Сондықтан көптеген саяхатшы Грузияны бір сапарда аралап шығудан гөрі, бұл елге қайта оралып, елді жаңа қырынан ашуға тырысады.

Тбилиси: көне тарихы мен қазіргі кейпі шебер үйлескен қала

Тбилисидің ескі шағын аудандарындағы тарихи сәулет өнері заманауи галереялармен, мейрамханалармен, шарап барларымен әрі мәдени кеңістіктермен шебер үйлескен.

Қаланың ескі аулаларында серуендеп, шағын кафелер, шеберханалар мен отбасылық мейрамханаларды тамашалау саяхатшыға ең әсерлі сәттерді сыйлатыны сөзсіз. Қаланың осы бөлігінде серуен құрған саяхатшы Грузия астанасының  күнделікті  тыныс-тіршілігін қаланың дәл осы бөлігінде ерекше сезінеді.

Тбилиси моншалары, Фото: GNTA

Тбилиси сапарын алдын ала жоспарлауды қалайтын саяхатшығы да, қала көшелерінде еркін серуендеп, саяхаттау бағытын өзі таңдауды ұнататындарға да қолайлы қала.

Батуми: теңіз жағасындағы заманауи қала

Қара теңіз жағалауы саяхатшыға тіпті ерекше әсер сыйлайды. Батуми  - теңіз жағалауында тынығуға, тарихи шағын аудандарда серуендеп, заманауи үлгідегі ғимараттарды, мейрамханалар  мен қаланың мәдени өмірін тамашалауға мүмкіндік беретін қала.

Батуми. Фото: GNTA

Жазда Батумиде концерттер мен фестивальдер жиі өтеді, ал  кешкі уақытта теңіз жағасында серуендеу жанға ләззат сыйлайды. Ал Батумидің жұмсақ климаты, субтропикалық табиғаты мен қаланың таулы аймаққа жақын орналасуы бұл қалаға жылдың қай мезгілінде де сұранысты тек арттыра түседі. Өйткені Аджарияға келетін саяхаттаушылар тоқтайтын бірден-бір  қолайлы қала да Батуми. 

Грузияның батысындағы Кутаиси мен Имерети

Кутаиси — Грузияның көне қалаларының бірі және оның Имеретиге баратын бағытта орналасуы бұл қаланың саяхаттаушылар үшін тартымдылығын арттыра түскен.
Қала маңында үңгірлер, шатқалдар, сарқырамалар мен ну орманы жайқалған елдің табиғи көрікті жерлері орналасқан. Бұл өлкенің мұндай мүмкіндігі саяхаттың жарты күнін қалада өткізіп, кейін тылсым табиғат аясына тез жетуге мүмкіндік береді.

Одан қалды заманауи wellness-мүмкіндіктері бар әрі табиғи термальды қайнаркөзі арқылы көпке мәлім Цхалтубо бальнеологиялық курортына да осы аймақтан жету оңай.

Торт мезгілде - төрт түрлі бағыт

Грузия жылдың төрт мезгілінде де саяхат жоспарлауға қолайлы ел. Көктемде мұнда табиғат ерекше құлпыра түседі, бұл -  өңірлерді аралауға жол ашатын ерекше кезең.

Сванетия. Фото: GNTA

Жазда Қара теңіз жағалауындағы демалыс түрін тау бағыттарымен үйлестіруге болады. Күзде Грузияда жүзім жинау мен ртвели маусымы басталады. Бұл шарап жасау кәсібін тамашалауға ең қолайлы кезеңдердің бірі.

Қыста тауда шаңғы тебу сұранысқа ие. Гудаури, Бакуриани, Годердзи, Тетнулди және Хацвали курорттары саяғаттаушыларға шаңғы тебу және белсенді демалыс түрін таңдауға мүмкіндік береді.

Ал саяхаттың ерекше түрін қалайтындар Бахмаро тау шыңдарын таңдаса болады.

Саяхат бағытын тиімді жоспарлау

Қазақстаннан Грузияға жету бүгінде өте ыңғайлы.  Тбилиси, Батуми және Кутаиси бағыттарына тікелей рейстер бар. Бұл рейстердің ұшу кестесі мен жиілігі маусымға қарай өзгеріп отыратындықтан, сапар алдында әуе компанияларының ақпаратын  алдын ала тексеріп алған абзал.

Ахалцихе. Фото: GNTA

Ал әуежайды таңдау жоспарланған бағытқа байланысты болмақ. Грузия астанасын көру және елдің шығыс бөлігін аралауды қаласаңыз, Тбилисиге баратын рейсті таңдаған орынды, ал теңіз жағалауы мен Аджарияға баруды жоспарласаңыз Батумиге барған жөн, ал Батыс Грузияға саяхат жасауға ыңғайлы рейс - Кутаиси бағыты.

Грузияға барғаннан соң да саяхат бағытын оңай үйлестіруге болады. Ірі қалалар арасында теміржол қатынасы бар, ал автокөлікпен саяхаттау бағдарламасы шағын қалаларды, кішігірім елдімекендерді көруге және өлкенің керемет табиғатын тамашалауға мүмкіндік береді.

Ұлттық саябақ. Фото: GNTA

Әр сапарда Грузия жаңа қырынан ашыла түседі. Сондықтан да болар, Грузияға саяхаттап келгендердің көпшілігі бұл елге міндетті түрде қайта оралауға асығады. Өйткені саяхаттаушы бірде теңіз жағасында демалуға келсе, келесіде Грузияның биік тауларын көруді қалайды, ал енді келесіде грузин ұлттық тағамдарынан дәм татуға асығады, енді бірінде Грузияның ерекше атмосферасын қайта сезіну үшін қайта оралып жатады.

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.