25 сәуірден бастап Венеция қалаға бір күнге келетін туристер үшін жаңа салық енгізеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Төлемнің мөлшері 5 еуроны құрайды.
Венецияға сапарлап келер алдында туристер арнайы сайтқа тіркеліп, төлем жасауы керек. Осыдан кейін оларға 8:30-16:00 аралығында QR коды келеді. Бұл код қаланың вокзалдарында, автотұрақтарында және жағажайларында көрсетілуі керек.
Сонымен қатар, полицейлер көшедегі туристердің QR кодын тексереді. Код жоқ болса 50-ден 300 еуроға дейін айыппұл арқалайды.
Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.