Германия әуежайларындағы қауіпсіздікке жауапты қызметкерлердің ереуілі 200 мыңға жуық жолаушының ұшуына кедергі келтірді. Соның салдарынан 1000-нан астам рейс тоқтады. Ереуілді Ver.di кәсіподақ ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы DW сайты жазды.
Шеру 11 әуежайда өтеді. Ол Майндағы Франкфурт, Гамбург, Берлин, Дюссельдорф, Кельн, Штутгарт, Бремен, Ганновер, Лейпциг, Дрезден және Эрфурт.
Мюнхен және Нюрнберг әуежайлары жұмысшылардың наразылығына әсер еткен жоқ, алайда жоғарыда аталған қалалардың барлық рейстері тоқтатылады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.