“Қазіргі уақытта Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтар қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Үндістан Республикасындағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұраймыз” - делінген хабарламада.
Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Бангладеште жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлер арқылы шұғыл хабарласа алады.
ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері:
+7 (7172) 720111 (кезекші дипломат)
+7 705 443 33 32 (ұялы телефон, WhatsApp)
Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің байланыс нөмірлері:
+91 1145 555 106
+91 9667 118 363