Саяхат кезінде ақша үнемдеудің ең тиімді 5 жолы

Басты жаңалықтар
07.02.2024
13:29
Саяхат кезінде ақша үнемдеудің ең тиімді 5 жолы
2024 жылы демалысқа дайындалып жатқан туристер үшін ақшасын үнемдеуге мүмкіндік беретін 5 үздік кеңесті топтастырдық.

Бұл туралы Hopper сайты жазған.

Ең бастысы қажетсіз нәрсені сатып алмау керек.

1. Жұмыс күндерін таңдаңыз.
Әдетте демалыс және мереке күндері рейстер мен қонақүйлер қымбатырақ болады. Сәрсенбі-бейсенбі күндері ұшатын болсаңыз, әуе билетін 15%-ға дейін үнемдеуге болады. Қонақүйлерде демалыс күндері тұру қымбатырақ болуы мүмкін.

2. Сұранысқа ие емес айда саяхаттауды жоспарлаңыз.
Қызметтердің бағасы 30% - ға көтерілуі мүмкін жаз мезгілі мен желтоқсан айынан аулақ болыңыз. Қыс айлары, әсіресе қаңтар мен ақпан айлары көбінесе ең төменгі бағаны ұсынады.

3. Бағаларды алдын ала қадағалаңыз және уақытында брондаңыз.
Ұшудан бірнеше ай бұрын бағаларды бақылаңыз және брондауды соңғы сәтке дейін кешіктірмеңіз. 

4. Қысқа сапарларды (Staycation) қарастырыңыз.
Түнгі сапарлар демалуға тамаша балама бола алады. Жақын маңдағы қалаларға, ойын-сауық саябақтарына немесе табиғи қорықтарға бару қалтаңызға салмақ түсірмейді.

5. Балама бағыттарды іздеңіз.
Көпшіліктен аулақ болу және жақсы мәмілелер алу үшін аз танымал жерлерді қарастырыңыз.
 
Осы кеңестерге сүйене отырып, туристер өздерінің қаржысын айтарлықтай үнемдей алады.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.