Қазақстандағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Ұлыбритания турлар бойынша sold out жасады

Басты жаңалықтар
04.04.2024
11:12
Қазақстандағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Ұлыбритания турлар бойынша sold out жасады
Биыл беделді туристік басылымдарда Қазақстан туралы мақалалар жиі шығып жатқанын байқаймыз. Шетелдік туристер мен БАҚ тарапынан сұраныстың артуы еліміздегі туризмнің белсенді дамуымен және, атап айтқанда, биыл күзде елімізде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен байланысты.
 
Мысалы, Wanderlust (https://www.wanderlust.co.uk/) әлемдік басылымының рейтингінде Қазақстан баруға міндетті ТОП-24 елдің қатарына енді. Айта кетейік, Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінен рейтингке енген жалғыз мемлекет.
 

«Жылдан жылға Қазақстан шетелдік туристердің қызығушылығын арттыруда. Себебі, біз Wanderlust-тің американдық және еуропалық оқырмандары үшін салыстырмалы түрде жаңа бағытпыз. Басылым тізіміне ену еліміздегі туризмді дамыту барысындағы үлкен жетістік десек болады. Шетелдік туристердің Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы білуі де біз үшін маңызды. Биыл оны Астанада өткіземіз. Келушілер үшін Қазақстанды, әсіресе Астананы жаңа қырынан ашуға тырысамыз», - деді «Kazakh Tourism» басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.

 
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына деген қызығушылық Ұлыбритания туристерінің арасында ерекше сұранысқа ие. Қазақстан британдық Wanderlust журналының беделді рейтингіне енгеннен кейін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бағытталған турлан тез сатылып кетті.
 
Мысалы, Regent Holidays (https://www.regent-holidays.co.uk/tour/kazakhstan-the-world-nomad-games-2024/) британдық туристік агенттігі ұсынатын тур қазірдің өзінде «sold out» статусында. Wild Frontiers турларының жартысы сатылып кеткен, ал қалған жартысындағы әр турға тек бір ғана билет бар.
 
Сұраныстың бұл деңгейі қазақстандағы туристік өнімді позициялаудағы этникалық бағыттылығының сәтті болғанын дәлелдейді. Оған қоса, халықаралық аудитория арасында қазақстандық мәдени мұраға жоғары баға мен ерекше көңіл бөлінетінін көрсетеді.
 
Қазақстан Республикасы осындай айтулы шараның ұйымдастырушысы бола отырып, мәдени туризм мен халықаралық диалог орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтып келеді. Бұл стратегиялық көзқарас ішкі және кіру туризмін дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.
 
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ осы шараны ілгерілетуге қосқан үлестері үшін барлық серіктестер мен қатысушыларға алғысын білдіріп, халықаралық туристік қауымдастықтыбұл айтулы іс-шараға белсенді қатысуға шақырады.
 
 
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.