Қайрат Сәдуақасов Қытайдың ең ірі туристік компаниясымен келіссөз жүргізді

Басты жаңалықтар
29.03.2024
12:25
Қайрат Сәдуақасов Қытайдың ең ірі туристік компаниясымен келіссөз жүргізді
«Kazakh Tourism» ҰК Төрағасы, Түркістан облысының мәдениет және туризм басқарма басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов, YDA Group компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Хамди Гювенчпен бірге Қытайдағв ССТ компаниясының бизнес менеджері Лию Чинмен Қазақстанға, оның ішінде Түркістанға туристерді тарту бойынша келіссөздерді жүргізілді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
 
Бұл “Kazakh Tourism” ҰК” АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
 
Туристерді тарту үшін екі ел арасындағы мүмкіндіктер, ақпараттық турлар, жарнамалау жұмыстары және Қытай туристерін ақпараттандыру мәселелері пысықталды.
 
Түркістанға туристерді тарту үшін Қытайдың туристік компанияларын Қазақстанға шақыру арқылы ақпараттық турларды ұйымдастыру, сол ақпараттық турлар бойынша арнайы туристік өнімдердің мәселелерін шешу және жаңа туристік маршурттарды қалыптастыруды ұсынды.
 
Екіжақты белсенді шаралар жалғасады.
 
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.