Елордада туристік сала өкілдері марапатталды

Басты жаңалықтар
28.12.2023
11:30
Елордада туристік сала өкілдері марапатталды
Елордадағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен туризм саласындағы жыл үздіктерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға туристік бизнес, мемлекеттік органдардың өкілдері, инвесторлар, журналистер, еңбек сіңірген ардагерлер мен осы саланың қызметкерлері қатысты.

Ермек Маржықпаев

Жиында Туризм және спорт министрі туристік сала өкілдеріне естелік сыйлықтарын табыстап, құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгінгі салтанатты жиында турбизнес өкілдерімен, сала ардагерлерімен, әріптестермен және барлық мүдделі тараптармен көріскеніме қуаныштымын. Сіздердің әрқайсыңыз саланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосып келесіздер. Бүгінде саланың дамуына бар күш-жігерін салып жүрген біздің серіктестерімізге, инвесторларға, мемлекеттік орган өкілдеріне алғыс білдіргім келеді. Биылғы жыл жемісті өтті, белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда саланың негізгі көрсеткіштері бойынша өсім байқалады. Басым өңірлердің тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді. Осылайша, әр өңірде өсудің ең перспективалы нүктелері анықталды. Турбизнес өкілдерін осы туристік дестинацияларды дамытуға белсенді қатысуға шақырамын», - деді Ермек Маржықпаев.

Ермек Маржықпаев
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.