Елімізде туристер 2,6 млрд АҚШ доллардан астам қаражат жұмсаған

Басты жаңалықтар
17.04.2025
11:17
Елімізде туристер 2,6 млрд АҚШ доллардан астам қаражат жұмсаған
Шетелдік туристер Қазақстанда 2,6 млрд АҚШ долларынан астам қаражат жұмсаған, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Туризм – ел экономикасын әртараптандыру стратегиясы аясындағы басым бағыттардың бірі саналады. Шетелдік туристерді тарту – шетел валютасының түсімін арттырып, түрлі қызмет көрсету салаларының дамуына оң әсер етеді.

Ұлттық Банктің деректеріне сүйенсек, алыс шетелден келген бір турист Қазақстанға сапары кезінде орта есеппен 1200–1500 АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсайды. 2024 жылы елімізге келген шетелдік қонақтардың жалпы шығыны 2,6 миллиард АҚШ долларынан асты.

Шетелдік туристерден ең көп қаржы түскен елдер:

 Қытай — 307 млн АҚШ доллары;
 Германия — 56 млн АҚШ доллары;
 Түркия — 53 млн АҚШ доллары;
 АҚШ — 47 млн АҚШ доллары.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.