Дүниежүзілік көшпенділер ойындары елімізге шетелдік туристерді көптеп тартпақ

Басты жаңалықтар
15.02.2024
10:56
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары елімізге шетелдік туристерді көптеп тартпақ
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі дирекция басшлығымен жиын өткізіп, аталған іс-шараға дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Туризм және Спорт министрі Ермек Маржықпаев Instagram-дағы парақшасында жазды.

Жиында дирекция өкілдері қазіргі уақытта талқылау кезеңі жүріп жатқан спортшылардың керек-жарақтары, естелік бұйымдар және медаль үлгілері туралы баяндама жасап, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан спорт кешендерінің қазіргі жағдайы туралы айтып берді.
 
Сонымен қатар, Халықаралық ғылыми-практикалық конференция тұжырымдамасының жобасы таныстырылды, оның жұмысы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жүргізілді.
 

«Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу еліміз үшін маңызды іс-шара екенін айтып, жарысты жоғары деңгейде өткізуді тапсырған болатын. Осындай дүбірлі доданы өткізу арқылы еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелдік қонақтарға таныстыра аламыз. Сондай-ақ осы Ойындар арқылы Қазақстанға шетелдік туристерді көптеп тартамыз», - деді Ермек Маржықпаев.

Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.