IPO бойынша мәміленің жалпы мөлшері шамамен 370 млн АҚШ долларын құрады (қосымша орналастыру опционы толық орындалған жағдайда), бұл Топтың шамамен 847 млн АҚШ доллары деңгейіндегі бағасына сәйкес, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Топтың ІРО-ға қатысу үшін берілген өтінімдер саны қазақстандық инвесторлар тарапының, бөлшек және институционалдық, сондай-ақ халықаралық инвесторлар қауымдастығының қолдауы арқасында ұсыныстан асып түсті. Ұсыныстың 58% жергілікті инвесторлар арасында, 42% халықаралық инвесторлар арасында орналастырылды.
Қазақстандық нарықтағы жалпы сұраныс 483 млн АҚШ долларынан асты. Бөлшек инвесторлар шамамен 216 млн АҚШ доллары көлеміндегі Air Astana IPO-на 60 мыңнан астам өтінім берді (акциялар бойынша 1073,83 теңге және одан жоғары бағамен және ЖДҚ бойынша 9,5$ және одан жоғары бағамен). Бөлшек инвесторлар тарапынан жалпы сұраныстың 53% қанағаттандырылды. Қазақстандық институционалдық инвесторлар (зейнетақы қорын қоса алғанда) олардың тарапынан жалпы сұраныстың 38%-ға жуығын алды, ал халықаралық инвесторлар орналастыру барысындағы олардың тарапынан жалпы сұраныстың 25%-ға жуығын алды.
Әділ үлестіруді қамтамасыз ету үшін бөлшек инвесторлардың 30 мың АҚШ долларына дейінгі (ЖДҚ бойынша 30 мың доллар және акциялар бойынша 13,5 млн теңге) сомаға өтінімдері толығымен қанағаттандырылды, ал бөлшек инвесторлардың өтінімдері бойынша қалған сұраныс көлемі (30 мың АҚШ долларынан астам) ішінара қанағаттандырылды (қалған акциялар мен ЖДҚ берілген өтінімдердегі сұраныс көлеміне пропорционалды ретінде инвесторлар арасында бөлінді). Нәтижесінде инвесторлардың 97,8% өтінімдері толық қанағаттандырылды.
IPO шеңберінде Air Astana тобы дамудың келесі кезеңін жеделдету үшін 120 млн АҚШ долларын тартты.
Қазіргі акционерлер – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және BAE Systems (Қазақстан) Лимитед өз үлесін қосымша орналастыруға арналған опционды толық орындаған кезде тиісінше 41,0% және 15,3% дейін қысқарта отырып, акцияларды (немесе акцияларды білдіретін ЖДҚ) сатты.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.