2024-2025 жылдары Қазақстанда Нью-Йорк, Мумбай, Токио, Сингапур және Шанхайға тікелей рейстер ашылады

Басты жаңалықтар
30.12.2023
09:00
2024-2025 жылдары Қазақстанда Нью-Йорк, Мумбай, Токио, Сингапур және Шанхайға тікелей рейстер ашылады
Қазіргі уақытта халықаралық әуе тасымалы 28 елмен 110 бағытқа рейс жасайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

«Халықаралық әуе көлігі бүгінде 28 елмен 110 бағытқа (аптасына 567 рейс) рейс жасайды. Соңғы екі жылда Милан, Доха, Абу-Даби, Кувейт және басқа да қалаларға 32 халықаралық әуе жолы ашылды. Алдағы 2024-2025 жылдары Мумбай, Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк қалаларына әуе рейстері ашылады», - деді Марат Қарабаев. Министр сондай-ақ ішкі әуе тасымалымен 5 қазақстандық әуе тасымалдаушылары айналысатынын атап өтті.


Аптасына 644 рейс орындалады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артық. Ұшулардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және ішкі туризмді дамыту мақсатында әуе бағыттарын субсидиялау тетіктері қолданылады.

«Биыл халықты қолжетімді әуе тасымалымен қамтамасыз ету үшін 9 облыстағы 23 әуе бағытын субсидиялауға республикалық бюджеттен 6 млрд 900 млн теңге бөлінді. Келесі жылы бұл қаражат тағы да көбейіп, 8 млрд 200 млн теңгені құрады», - деп қосты Марат Қарабаев.


 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.