Зайсан мен Катонқарағай әуежайларында алғашқы рейстер келесі жылдың көктемінде орындалуы мүмкін, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов атап өткендей, Зайсанда әуежай құрылысы 60%, ал Катонқарағайда 55% аяқталған. Ұшып-қону жолақтары салынды, қазір перрон, аэровокзалдардың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін бұл құрылыс жұмыстары аяқталады.
Сонымен қатар, «ҚазАэроНавигация» қажетті жабдықты монтаждау жұмыстарын жүргізуде.
«Келесі туристік маусымның басында әуежайлар алғашқы ұшақтарды қабылдайды деп ойлаймын, сәуір-мамыр айларынан бастап», – деді әкім ОКҚ алаңында қойылған сұраққа берген жауабында.
