Бұл туралы Ақорда сайты жазды.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды” - делінген хабарламада.
Ербол Қуантайұлы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген. PhD докторы. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Мансап
Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастаған.
2009-2013 жж. – Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы.
2013-2014 жж. – Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі.
2018-2020 жж. - «Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры қызметін атқарған.
2020-2021 жж. – Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры.
2021-2023 жж. - Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры.
Туризм және спорт министрі қызметіне тағайындалғанға дейін Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.