«Шымкент-Астана» пойызында сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Жолаушы Кенжеева күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан. 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні №86 «Шымкент-Астана» пойызында келе жатып, жолаушының толғағы басталды. Сағат 23:30-да күйеуі пойыз қызметкерлерінен шұғыл көмек сұрады.
Пойыз бастығы Қаракулова Гүлшат пен жолсерік Адамбаева Анара жедел түрде барлық қажетті шараларды қабылдап, жолаушының аман-есен босануына көмектесті. Нәтижесінде, 21 қазан күні сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді.
Сары-Шаған станциясына жеткенде жедел жәрдем шақырылып, жас ана мен жаңа туған нәресте дәрігерлердің қарауына тапсырылды. Еске сала кетейік, соңғы 3 жыл ішінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарында 14 сәби дүниеге келген.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.