Шымбұлақта жарты тоннаға жуық қоқыс жиналды

Қазақстан жаңалықтары
21.07.2025
11:30
Шымбұлақта жарты тоннаға жуық қоқыс жиналды

Шымбұлақта жарты тоннаға жуық қоқыс жиналды, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Қала тұрғындарының назарын 17 жыл бойы тауда жатқан шырынның қаңылтырдан жасалған банкасы аударды. Бұл қоқыстың қанша уақыт бойы бізді қоршаған ортада сақталатынын анық көрсетеді. 



Алматының 130-дан астам белсенді тұрғыны экологиялық акцияға қатысты. Олар Шымбұлақтан таудағы қаза тапқандарға арналған мемориалға дейінгі танымал туристік бағыт бойында 500 келіге жуық қоқыс жинады. 


 

Бұл бастама туристік орынды тазартуға ғана емес, табиғатқа ұқыпты қарау экомәдениетін дамытуға бағытталған. Алматылықтар қоқысты жинаумен қатар оны сол жерде сұрыптады. Пластик пен шыны бөтелкелер, алюминий банкалар қайта өңделмейтін қалдықтардан бөлінді. 

 


198 келі қоқысты қайта өңдеуден өткізу үшін мамандандырылған кәсіпорындарға жіберілді. 



«Шымбұлақ» курорты «Recycle Birge» экологиялық бастамасын қолға алды. Оның аясында келушілер қатты пластикті тапсыра алады. Қайта өңделген материалдардан шаңғы мен сноубордтарды сақтауға арналған сөрелер тәрізді пайдалы инфрақұрылым элементтері жасалады. 



Еліміздің көрікті орындарында тазалықты сақтауға және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға атсалысайық.


 

 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.