SCAT авиакомпаниясы Чехияға әуе қатынасын ашады

Қазақстан жаңалықтары
24.04.2024
14:05
SCAT авиакомпаниясы Чехияға әуе қатынасын ашады
Еліміздің көлік саласына жауапты министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Осылайша биыл 22 мамырдан бастап SCAT әуе компаниясы Астана – Прага бағыты бойынша Қазақстан мен Чехия астаналары арасында әуе қатынасын қалпына келтіреді. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) сыйымдылығы 186-189 орындық Boeing 737 ұшақтарында орындалады.

Әуе қатынасын қайта ашу екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп көзделіп отыр.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.