«Сапа белгісі» бағдарламасы: қай өңір өтінімдер бойынша көш басында?

Қазақстан жаңалықтары
19.11.2024
12:14
«Сапа белгісі» бағдарламасы: қай өңір өтінімдер бойынша көш басында?
«Сапа белгісі» бағдарламасы: қай өңір өтінімдер бойынша көш басында? 

Kazakh Tourism жыл сайын туризм индустриясының стандарттарына сәйкес келетін кәсіпкерлерге «Сапа белгісін» табыстайды. Өткен жылы «Very nice» және «Nice» сапа санаттарын өтінім жолдаған 45 кәсіпорынның 35-і иеленді.

Биыл бағдарламаға қатысуға өтінімдер саны бойынша Ақмола облысы көш бастап тұр. Туризм саласындағы 16 кәсіпкер өз бизнесінің ұлттық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растауға ниетті. Алматы қаласы белсенділік бойынша екінші орында -  8 өтінім жолданды. Үздік үштікті Жетісу облысы түйіндейді. Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан және Абай облыстарындағы туризм саласының бірнеше өкілі де «Сапа белгісіне» үміткер болып отыр.

 

«Біз өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған жұмыс тобын құрдық. Олар туристік нысандарға барып, кешенді тексеріс жүргізуде. Міндетті және қосымша стандарттардың сақталуын бағалау нігізінде сапа белгісін беру туралы шешім қабылданады. Сапа белгісі берілгеннен кейін объектілерге тұрақты мониторинг жүргізілетінін атап өткім келеді. Бұл қызмет көрсету сапасының тиісті деңгейін және жоғары стандарттарды сақтауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.


2024 жылғы «Сапа белгісі» иегерлерінің есімдері 4 желтоқсан күні белгілі болады.

2021 жылы Kazakh Tourism қонақжайлылық стандарттарын арттыру және Қазақстанның туристік саласын дамыту мақсатында «Сапа белгісі» бағдарламасын қолға алды. Оған орналастыру орындары, қоғамдық тамақтану пункттері және туроператорлар тәрізді туристік нысандар мен кәсіпорындар қатыса алады. «Сапа белгісі» сенімділік пен жоғары сапалы қызмет көрсетудің нышаны ретінде бизнеске бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және тұтынушылардың сенімін нығайтуға қолғабыс етеді.




 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.