Наурыз мейрамы қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы қала маңындағы пойыздарда 2177 қосымша орын ұсынады.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Наурыз мейрамын қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша электрпойыздарды іске қосып, бірқатар пойыздардың құрамын ұлғайтады.
Мереке күндері келесі қосымша қала маңындағы пойыздар қатынайды:
• 2026 жылғы 20 және 21 наурыз – №7510 «Астана – Павлодар» электрпойызы;
• 2026 жылғы 25 наурыз – №7509 «Павлодар – Астана» электрпойызы;
• 2026 жылғы 25 наурыз – №6803/6804 «Астана – Атбасар» электрпойыздары;
• 2026 жылғы 25 наурыз – №887/888 «Нұрлы жол – Бурабай курорты» электрпойызы.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 20, 22 және 24 наурыз күндері №606/605 «Қарағанды – Балқаш» жолаушылар пойызының құрамына екі қосымша вагон (1 купе және 1 плацкарт) тіркеледі.
Нәтижесінде жолаушыларға қосымша 2177 орын ұсынылады. Бұл мереке күндері теміржол тасымалына деген жоғары сұранысты қамтамасыз етіп, жолаушылардың сапарын барынша жайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан комиссиясыз сатып алуға болады. Қосымша ақпаратта 1433 нөмірі арқылы беріледі.
