Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы тағайындалды

Қазақстан жаңалықтары
20.11.2024
10:20
Маңғыстау облысының туризм басқармасының басшысы тағайындалды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Ерсін Ибрашев Маңғыстау облысы туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Жаңа басқарма басшысын ұжымға облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев таныстырды.

Ерсін Ибрашев 1989 жылы туған. Білімі жоғары. 2013 жылы Қытай мұнай университетін мұнай-газ ісі мамандығы, 2019 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2014 жылы инженер-технолог болып бастаған. 2015-2016 жылдары жеке компанияларда басшылық лауазымын атқарды
2017 жылы «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Талдау және жобаларды басқару департаментінің менеджері болды.
2018 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті Жер қойнауын пайдалану келісімшарттарын сараптау басқармасының бас сарапшысы болды.

2019 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жобалауды басқару департаменті Жобалауды басқару жөнінде мемлекеттік органдарды үйлестіру басқармасының бас сарапшысы лауазымын атқарды. 2020 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жобалауды басқару департаменті Жобалауды басқару жөнінде мемлекеттік органдарды үйлестіру басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
2021 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Жобалық басқару саясаты департаменті Мемлекеттік органдарды жобалық басқару бойынша үйлестіру және қолдап отыру басқармасының басшысы болды. 2023 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Ішкі әкімшілендіру департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.