Көрісу күні: Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға акция ұйымдастырады

Қазақстан жаңалықтары
12.03.2025
10:32
Көрісу күні: Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға акция ұйымдастырады
Алматы халықаралық әуежайында жолаушыларға арналған акция өтеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Жылы жүздесу мен бірліктің мерекесі ретінде 14 наурыз – Көрісу күніне орай, Almaty Tourism Bureau, ҚР ҰҚК Шекара қызметі және Алматы халықаралық әуежайы шетелдік қонақтарға арналған арнайы акция ұйымдастырады

50-ден астам халықаралық рейс жолаушылары (5000-нан астам адам) Алматының басты көрікті жерлері, мәдени нысандары, көлік бағыттары мен пайдалы ақпараттары көрсетілген жолсілтемені сыйлық ретінде алады. 

Бұл естелік кәдесый ғана емес, бұл Алматыны аралауға арналған дайын маршрут. Акция мерекелік көңіл-күй сыйлап, қонақжайлылықты – қазақ мәдениетінің маңызды қыры ретінде көрсетуге бағытталған. Бастама туристік қызмет сапасын арттыруға бағытталған Best City Experience бағдарламасы аясында өтеді.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.