Қыс басталғалы таулы аймақтардан 14 турист құтқарылды

Қазақстан жаңалықтары
02.02.2024
14:01
Қыс басталғалы таулы аймақтардан 14 турист құтқарылды
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қыс мезгілінде апаттық-құтқару жұмыстары» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Спикерлер болып ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Жомарт Асқаров сөз сөйлейді.

Ағымдағы қысқы кезеңде құтқару бөлімшелері 17 іздестіру-құтқару жұмыстарын жүзеге асырды, онда таулы жерлерде саяхаттап жүрген 14 турист табылды, олар үйге қайту бағытын өз бетінше анықтай алмаған.

ТЖМ азаматтарға дауыл туралы ескертулерді назарға алып, ауа-райы нашарлаған кезде ұзақ сапарлар мен таулы жерлерге барудан бас тартуға кеңес береді.
 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.