Қазақстанның туристік мүмкіндіктері Испанияда таныстырылды

Қазақстан жаңалықтары
24.01.2024
14:45
Қазақстанның туристік мүмкіндіктері Испанияда таныстырылды
«Peridista Digital» испандық цифрлық басылымының ұйымдастыруымен өткен «Travellers Awards» табыстау салтанатында Қазақстанның туристік мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлады Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.


Көрермендердің назарына Қазақстанның табиғи пейзаждары мен көрікті жерлері бейнеленген бейнероликтер ұсынылды.

Бұл іс-шараға Мадрид мэрі, аймақтық билік пен болу еліндегі дипломатиялық корпустың басшылары, сондай-ақ жергілікті БАҚ және туризм саласындағы компаниялардың өкілдері қатысты.

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев өз сөзінде Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық әріптестікті, еліміздің «Ұлы Жібек жолындағы» тарихи рөлін айта кете, испандық туристерді Қазақстанда өтуі жоспарланған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына тарту жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан жаңа туристік бағыт ретінде ақпараттық ілгерілету тұрғысынан туризмді дамытуға қосқан «үлкен үлесі» үшін «Travellers Awards» IV басылымының марапатына ие болды.

Travellers – туристік индустрия туралы репортаждарды таратуға маманданған журнал, өзінің редакциялық кеңесінің пікірінше, осы саладағы серпінді элемент болып қала отырып, осы қызметке барынша үлес қосқан компанияларды, адамдарды, елдер мен мекемелерді марапаттайды.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.