Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының мәселелерін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Сұхбаттастар ағымдағы жылы жоспарланған аса жоғары және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесін қарастырды. Көпжақты құрылымдар шеңберіндегі елдердің өзара іс-қимылына бөлек назар аударылды.
Мұрат Нұртілеу сауда-экономикалық байланыстарды арттыру бойынша бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударды. Атап айтқанда, екі ел арасындағы транзит-көліктік ынтымақтастықты дамытудың және Қазақстанның Қытайға шикізаттық емес экспортын арттырудың маңызды рөлі аталып өтті.
Өз кезегінде Чжан Сяо көтерілген мәселелердің маңыздылығын айтып, қытайлық тараптың аталған сұрақтар бойынша белсенді өзара ықпалдасуға дайын екенін білдірді. Ол Қытайдың Қазақстандағы Елшілігі ағымдағы жылы жоспарланған іс-шараларды ойдағыдай ұйымдастыру мақсатында тығыз әрекеттесуді жалғастыратынын хабарлады.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.