Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жол көлігімен тасымалдау көлемі 10,1 млн тоннаға жетті, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға өскен. Осы ретте, экспорт 21%-ға, яғни 4,5 млн тоннаға дейін өсті. Алтынкөл – Қорғас шекара өткелі арқылы тасымалдкөлемі өткен жыл деңгейіне қарағанда 8%-ға, 4,2 млн тоннаға дейін артты.
Оның ішінде экспорт – 42%-ға, 1,5 млн тоннаға дейін. Достық станциясы арқылы ҚХР-ға және кері бағытта 5,9 млн тонна жүк берілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18%-ға жоғары.
Экспорт 13%-ға, 3 млн тоннаға дейін өсті.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.