«Jibek Joly 6.0» туристік пойызы кезекті рет жолға шықты

Қазақстан жаңалықтары
26.10.2025
12:04
«Jibek Joly 6.0» туристік пойызы кезекті рет жолға шықты

Ұлы Жібек жолының ізімен жүретін «Jibek Joly 6.0» туристік пойызы жолға шықты, деп хабарлайды Travelpress.kz.




24–30 қазан аралығында Республика күніне орай «Jibek Joly 6.0» туристік пойызы сапарға аттанды.



Жоба «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ-мен бірлесіп, ҚР Туризм және спорт министрлігі мен «Қазақстан туристік индустриясы» РҚБ қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаны дәстүрлі түрде Khan Turan Travel компаниясы ұйымдастырады.


 


Бағыт Алматы – Түркістан – Отырар – Самарқанд – Бұхара – Ташкент – Алматы қалаларын қамтиды.


 

«Jibek Joly» пойызы жайлы теміржол сапарын, мазмұнды экскурсиялық бағдарламаны және Орталық Азияның бай мәдениетімен танысуды үйлестірген ерекше туристік жоба болып табылады. Биылғы маусымда Түркия, Ресей, Қырғызстан, Венгрия, Беларусь, Германия және АҚШ елдерінен келген туристер қатысуда.


 


Бағдарлама ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра нысандарына саяхаттарды, көне Отырар мен Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралауды, Самарқанд, Бұхара және Ташкент қалаларына экскурсияларды, сондай-ақ шеберлік сабақтары мен театрландырылған қойылымдарды қамтиды.


 

«Jibek Joly» жобасы мәдени бағыттар мен тұрақты туризмді дамытуға үлес қосып, Қазақстанды Ұлы Жібек жолының тарихи мұрасы орталығы ретінде танытуда.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.