Мемлекеттік электронды тізілімнің деректері бойынша, Қазақстанда туроператор қызметін жүзеге асыруға 590 лицензия берілген. Бұл 2023 жылмен (380 лицензия) салыстырғанда 210 лицензияға көп.
Лицензиялар мынадай бағыттар бойынша берілген:
• 44 лицензия — шығу туризмі;
• 43 лицензия — ішкі, келу және шығу туризмі;
• 503 лицензия — ішкі және келу туризмі.
«Мемлекеттік тізілімді жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп, туроператорлар өз қызметтерін заң талаптарына тез арада сәйкестендірді. Біз үшін қызмет көрсету сапасы басты назарда. Лицензия иелері үшін заң аясында жұмыс істеу маңызды», – деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.