Елімізде туризмді дамытуға инвестиция өсті

Қазақстан жаңалықтары
30.07.2024
17:38
Елімізде туризмді дамытуға инвестиция өсті
Туризм саласындағы негізгі капиталға инвестицияның оң серпіні байқалады, деп хабарлайды Travelpress.kz. 

Осы кезеңде инвестиция көлемі 390,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2 есе көп. 399,8 млрд теңге сомасына 61 инфрақұрылым жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде.
 
Мемлекеттік қолдау шеңберінде елге келу туризмі саласындағы шығынның бір бөлігін, Қазақстан ішінде кәмелетке толмаған жолаушы үшін билет құнын, туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде және басқа да субсидиялау жөніндегі жобалар мақұлданды. 
 
Қонақ үй саласы үшін жеңілдетілген несиелеу мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды. Ақтөбе мен Павлодарда халықаралық франшизасы бар қонақ үйлердің құрылысы басталып кетті.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.