Елімізде туризм саласына құйылған инвестиция көлемі 27 пайызға артты

Қазақстан жаңалықтары
08.01.2025
12:05
Елімізде туризм саласына құйылған инвестиция көлемі 27 пайызға артты
Туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27,3%-ға артты, деп хабарлайды Travelpress.kz.

2024 жылдың 11 айында елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 777,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға көп (610,2 млрд теңге).

Инвестициялар көлемінің өсуі 12 өңірде байқалды, көш бастап тұрған өңірлер:

Маңғыстау облысы – 124,5%-ға өсті;

Астана қаласы – 102,5%-ға өсті;

Батыс Қазақстан облысы – 102%-ға өсті;

Атырау облысы – 96%-ға өсті;

Түркістан облысы – 55%-ға өсті; 

Қызылорда облысы - 49% өсті. 

Бұл деректер инвесторлардың Қазақстандағы туристік инфрақұрылымды дамытуға қызығушылығы артып жатқанын және саланың капитал тартуда үлкен әлеуетке ие екенін көрсетеді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.