Еліміз оңтүстіккореялық туристер үшін ең танымал бағытқа айналуда

Қазақстан жаңалықтары
08.12.2025
18:48
Еліміз оңтүстіккореялық туристер үшін ең танымал бағытқа айналуда

Қазақстан оңтүстіккореялық туристер үшін тартымды бағытқа айналуда, деп хабарлайды Travelpress.kz.



Қазақстан Оңтүстік Кореяның саяхатшылары үшін Орталық Азиядағы жаңа танымал бағытқа айналды. Agoda цифрлық туристік платформасының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында елімізге деген қызығушылық 295% өскен.


 

Биыл оңтүстіккореялық туристердің Қазақстан бойынша турлар мен орналастыру орындарын іздеу сұранысы едәуір көбейді. Қызығушылықтың артуына елдер арасындағы тікелей әуе қатынасының кеңеюі ықпал етті. 


 

Agoda мәліметіне сүйенсек, оңтүстік астананың танымалдығын Eastar Jet әуе компаниясының Инчхон–Алматы бағытын іске қосуы  арттырып, іздеу сұранысы 348% ұлғайды. Шымкент қаласына да оңтүстіккореялық саяхатшылардың қызығушылығы 89% өсті. Оған мамыр айында SCAT әуе компаниясының Инчхоннан тікелей рейстің ашылуы септігін тигізді. Ал Air Astana өз кезегінде Сеул-Алматы және Сеул-Астана бағыттары бойынша әуе тасымалы жиілігін көбейтті.


 

“Біз оңтүстіккореялық саяхатшылардың шытырман, мәдениет және шынайылықты біріктіретін бағыттарға деген қызығушылықтары айқын артқанын аңғарамыз. Бұл ретте Орталық Азия қызығушылық деңгейі өсіп келе жатқан аймақ ретінде ерекшеленеді”, - деп атап өтті Agoda компаниясының Солтүстік Азия бойынша өңірлік директоры Джей Ли.


 

Жалпы оңтүстік кореялық туристердің Орталық Азия дестинацияларына қызығушылықтары арта түскен. Аймақтағы 4 негізгі бағыт бойынша іздеу сұрауларының жалпы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 225% ұлғайды.


 

Атап өткен жөн, Kazakh Tourism Оңтүстік Кореяда елдің туристік әлеуетін ілгерілету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Биыл екі елдің жетекші туристік компаниялары арасындағы серіктестікті дамыту үшін В2В-кездесулер мен ақпараттық турлар өткізілді.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.