Бұл туралы Air Astana әуекомпанияның ресми Telegram арнасы жазды.
Жыл сайынғы Sky Choice Travel Award авиация және туристік саланың жетекші ойыншыларын марапаттайды. Қазылар алқасының құрамында салалық сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері. Өзге номинациялар қатарында: «Экология саласындағы жылдың үздік әуекомпаниясы», «Тұрақты даму саласындағы жылдың үздік әуекомпаниясы», «Үздік бюджеттік әуекомпания», «Үздік жүк әуекомпаниясысы" және тағы басқасы.
«Қытайдағы авиация қауымдастығынан алғашқы марапатты алғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл марапат қызметти жақсарту бойынша үздіксіз күш-жігерімің жемісі. Қытайлық саяхатшыларға таңдаулары мен жоғары бағалары үшін алғыс айтамыз», - деді Қытайдағы Эйр Астана өңірлік менеджері Шу Ван.
Эйр Астана Бейжіңге Airbus А321LR ұшағымен аптасына алты рет қатынайды. Әуекомпания әрбір борттық өніминде қазақ мәдениетінің нышанын көрсетуге тырысады. Оның ішінде ұшу қауіпсіздігі туралы жаңа нұсқаулық, салон безендірудегі, ыдыс-аяқ, мәзір және ойын-сауық жүйесінің мазмұнындағы ұлттық нақыш кіреді.