Қазақстанда БАӘ резиденттері үшін визасыз 30 күндік режимді енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Қазақстанда БАӘ резиденттері үшін визасыз кіру мүмкіндігін енгізу талқылануда. Тиісті өзгерістер жобасы қоғамдық талқылау үшін “НҚА” порталында жарияланды.
БАӘ резиденттері саналатын Бангладеш, Египет, Иордания, Марокко, Непал, Пәкістан, Тунис және Түркменстан азаматтарына қатысты. Олар Қазақстан аумағында жарты жыл уақыт ішінде 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Ол үшін кем дегенде 6 айға жарамды БАӘ резиденттік картасы және БАӘ азаматынан өтінішхат қажет.
Жоғарыда аталған елдерден келген БАӘ резиденттерінің саны 4 миллион адамнан асады. Визасыз кіру мүмкіндігі БАӘ-мен туристік және іскерлік алмасуды дамытуға ықпал етеді.
2024 жылы БАӘ-ден Қазақстанға келушілер саны 14 700 адамнан асты және 2023 жылғы көрсеткіштен 39% асты. Бұл осы ел тұрғындарының елімізге деген қызығушылығы артқанын және визалық режимді жеңілдетудің маңыздылығын көрсетеді.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.