Атырау-Баку және Алматы-Франкфурт бағыты бойынша тікелей ұшуға болады

Қазақстан жаңалықтары
03.06.2025
15:30
Атырау-Баку және Алматы-Франкфурт бағыты бойынша тікелей ұшуға болады

Air Astana әуе компаниясы Атырау-Баку және Алматы-Франкфурт бағыттары бойынша жаңа тікелей әуе рейстерін орындай бастады, деп хабарлайды Travelpress.kz.

 

Көлік министрлігі жаңа халықаралық әуе бағыттарын ашу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.


 

2025 жылғы 31 мамырдан бастап Air Astana әуе компаниясы Атырау-Баку бағыты бойынша A320 және A321 ұшақтарымен тікелей рейстерді орындай бастады. Рейстер аптасына үш рет дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады.


 

Сонымен қатар Air Astana әуе компаниясы 2025 жылғы 1 маусымнан бастап Алматыдан Майндағы Франкфурт қаласына тікелей рейстерді жүзеге асыруда. Рейстер сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері A321LR ұшағымен орындалады.


 

Әзербайжан және Германия елдеріне әуе қатынасының ашылуы бұл мемлекеттермен сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрі нығаюына ықпал етпек.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.