Астрахань мен Ақтау арасындағы әуе байланысы қайта жанданды

Қазақстан жаңалықтары
13.03.2024
11:45
Астрахань мен Ақтау арасындағы әуе байланысы қайта жанданды
Scat әуе компаниясы Астраханнан Ақтауға тікелей рейстерді қалпына келтірді, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы Б.М.Құстодиев атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті.

Lada.kz сайтының жазуынша, Ақтау әуежайы арқылы Қазақстан қалаларына (Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Орал, Шымкент, Көкшетау) және басқа елдерге (Лондон, Тбилиси, Кутаиси, Ереван, Ыстамбұл, Баку) ұшуға болады.

"2024 жылдың 30 наурызына дейін яғни күзгі-қысқы маусымның соңына дейін, рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері ұшады. Ал 2024 жылдың мамыр айының соңында рейстерді орындау кестесі өзгереді. Авиатасымалдаушының ұшақтары Ақтауға жұма және жексенбі күндері ұшады. Жаздың басынан көктем-жазғы маусымның соңына дейін ұшу жиілігі аптасына үш рет, яғни сейсенбі, жұма және жексенбі болады. 50 орындық Bombardier CRJ-200 әуе кемелері іске қосылды. Бір бағытта жүру уақыты 50 минутты құрайды", - делінген хабарламада.

Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.