Астанада Диснейленд тәрізді ірі ойын-сауық паркі соғылады

Қазақстан жаңалықтары
14.04.2025
15:07
Астанада Диснейленд тәрізді ірі ойын-сауық паркі соғылады

2027 жылға қарай елордада сауда орталығы мен халықаралық деңгейдегі қонақ үй мен ірі ойын-сауық паркі ашылады деп хабарлайды Travelpress.kz. Бұл туралы Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев мәлімдеді.

Ержан Еркінбаевтың айтуы бойынша көпфункционалды ойын-сауық кешені “Барыс Арена” мұз сарайының артында орналасады. Жобаны шетелдік инвестор іске асыруда. 

 - “Бұл Диснейленд емес, дегенмен расымен үлкен сауда жіне ойын-сауық жобасы. Оның құрамына ірі аттракциондар, барлығы қамтылған сауда және ойын-сауық орталығы және туристер мен қонақтарға арналған халықаралық стандарттарға сай қонақ үй кіреді” - деп атап өтті Еркінбаев. 

 Ойын-сауық паркі 2027 жылдан бастап қолданысқа ие болады. Билік бұл жоба еліміздің инвестициялық ахуалына оң әсер берітіні туралы бөлісті. 

 Сондай-ақ, министірдің орынбасары Қазақстанның Даму Банкі отандық кәсіпкерлерге де жоба бастаймын деушілерге қолдау көрсететіні туралы ескертті. 

 
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.