Астана әуежайының ұшу-қону жолағы бүгін түнде жабылмайды

Қазақстан жаңалықтары
17.08.2024
21:00
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы бүгін түнде жабылмайды
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы бүгін түнде жабылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Travelpress.kz. 
 

"Әуежай штаттық режимде жұмыс істейді. Барлық кешіктірілген рейстер кестеге сай орындалатын болады. Біздің басты мақсатымыз - жолаушыларымыздың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету", - деді Астана әуежайының баспасөз қызметі.



Бұған дейін "Токио-Цюрих" бағытындағы Boeing 777-300ER ұшағы Астанаға шұғыл қонып, соның салдарынан әуежай екі сағатқа барлық рейстер үшін уақытша жабылғаны туралы жазған еді.

Астана халықаралық әуежайында ұшып шығуға жоспарланған 81 рейстің 6-ы, ұшып келуге жоспарланған 80 рейстің 15-і кешіктірілді.

Ұшуға:
KС954 Астана - Алматы
KС7508 Астана - Шымкент
KС7334 Астана - Алматы
DV734 Астана - Алматы
KC992 Астана - Алматы
KC7094 Астана - Алматы

Ұшып келуге:
KC953 Алматы - Астана
KC7352 Семей - Астана
KC346 Өскемен - Астана
IQ400 Ақтөбе - Астана
KC206 Дубай - Астана
DV5351 Камрань - Астана
KC7091 Алматы - Астана
KC7507 Шымкент - Астана
KC7333 Алматы - Астана
KC995 Алматы - Астана
DV733 Алматы - Астана
KC7063 Алматы - Астана
IQ512 Новосибирск - Астана
KC7364 Түркістан - Астана
KC7326 Шымкент - Астана
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.