Air Astana 2025 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үшінші тоқсанның және тоғыз айдың нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Travelpress.kz.
Тоғыз айдың негізгі көрсеткіштері
• Жалпы түсім мен басқа кіріс 10,1%-ға өсіп, 1 096,8 млн АҚШ долларын құрады (2024 ж. 9 ай: 996,5 млн АҚШ доллары).
• EBITDAR көрстекіші 3.5%-ға өсіп, 262,2 млн АҚШ долларына жетті. EBITDAR маржасы 23,9% болды.
• Таза пайда 39.8%-ға азайып, 31,2 млн АҚШ долларын.
• Топ бойынша тасымалданған жолаушылар саны 10,5%-ға өсіп, 7,5 млн-ға жетті, ал орташа жүктеме коэффициенті 83,0% тұрақты деңгейінде сақталды.
Үшінші тоқсанның негізгі көрсеткіштері
• Жалпы түсім мен басқа кіріс 7,2%-ға өсіп, 438,6 млн АҚШ доллары болды
• EBITDAR 17,0%-ға төмендеп, 105,2 млн АҚШ доллары құрады
• EBITDAR маржасы 24,0% болды
• Таза пайда 20,6 млн АҚШ доллары болды
• Топ бойынша тасымалданған жолаушылар саны 8,8%-ға өсіп, 3,0 млн құрады, ал орташа жүктеме коэффициенті 85,0% болды
Питер Фостер, Air Astana компаниялар тобының бас атқарушы директоры:
«Жылдың алғашқы тоғыз айында біз түсімді 10,1% -ға арттырып, EBITDAR көрсеткішін 3,5% -ға жақсартып, тұрақтылықты көрсеттік. Бұл біз үшін Топтың қызметіне айтарлықтай әсер еткен бірқатар сыртқы сын-қатерлерге қарамастан үшінші тоқсандағы ең күшті маусым.
Бүгінгі таңда біз Pratt & Whitney ұнтақ металының салдарын жеңілдету бойынша белсенді шара қабылдаудамыз. Осы шараларға қарамастан, үшінші тоқсанда біздің тасымалдау сыймыдылығымыз жыл басынан бері қосымша конструктивтік ақаулардың анықталуына байланысты 19 қозғалтқыштарды жоспардан тыс алып тастаумен шектелді, олардың 14-і жазғы маусымның қарбалас кезеңінде орын алды. Бұл EBITDAR-ға үшінші тоқсанда шамамен 25,5 млн АҚШ долларына әсер етті, сондай-ақ жағдай теңгенің әлсіреуімен күрделеніп, оның салдары FlyArystan бағытындағы кірістілікке кері ықпал етті.
Біз Pratt & Whitney қозғалтқыштарымен байланысты шектеулер бүкіл салада сақталатынын және таяу жылдары икемді басқаруды талап ететінін күтеміз. Біз екі брендті модельдің артықшылықтарына және Топтың кіріктірілген операциялық тиімділігіне сүйене отырып, біздің тасымалдау сыйымдылығымызды тәртіпті оңтайландыруды жалғастырамыз. Нәтижесінде біз осы сын-қатерлерді еңсеріп, орта мерзімді стратегиямызға сәйкес өсімді қамтамасыз ете алатынымызға сенімдіміз».
