Air Astana әуе компаниясы Шанхай бағыты бойынша рейстерді іске қосады

Қазақстан жаңалықтары
28.01.2026
18:15
Air Astana әуе компаниясы Шанхай бағыты бойынша рейстерді іске қосады

«Air Astana» әуе компаниясы Шанхай бағыты бойынша рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Travelpress.kz

 

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізіп келеді. 
 

Осы орайда, ағымдағы жылдың 29 наурызынан бастап «Air Astana» әуе компаниясы Алматы – Шанхай бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына 3 рет – сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. 

 

Нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 81-ден 84-ке дейін артады. 

Рейстердің ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.