Air Astana тұрақты қаржылық және операциялық көрсеткіштерді көрсететін 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы қызмет нәтижелері туралы хабарлайды. Тасымалданған жолаушылардың жалпы саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,5% -ға өсіп, 1,9 млн адам болды. Түсім және өзге де кірістер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3% -ға өсіп, 264,7 млн. АҚШ доллар болды.
«Мен өткен жылғы жоғары салыстырмалы көрсеткіштер аясында осындай жоғары көрсеткіштер туралы хабарлауға қуаныштымын. Бұған бірінші тоқсандағы дәстүрлі сұраныстың төмендігіне және биыл толығымен дерлік бірінші тоқсанға түскен Рамазан айындағы тыныш кезеңнің ықпалына қарамастан қол жеткізілді. Air Astana рейстеріне де, FlyArystan рейстеріне де жолаушылар сұранысы жоғары күйінде қалып отыр, бұған Қазақстан ішінде, Орталық Азия бойынша және жақын маңдағы Қытай мен Үндістан мега-нарықтарына авиатасымал санының өсуі ықпал етеді. Маңызды жазғы кезеңге халықаралық брондау саны өткен жылдың көрсеткіштерінен асып кеткендіктен, біз флотты кеңейту және ресурстарды оңтайландыру есебінен қуаттылықты арттырудамыз", - деді Air Astana-ның бас атқарушы директоры Питер Фостер.