7300 астам адам «Kutty Meken» қосымшасы арқылы қандас мәртебесін алды

Қазақстан жаңалықтары
11.10.2024
16:54
7300 астам адам «Kutty Meken» қосымшасы арқылы қандас мәртебесін алды
7300 астам адам «Kutty Meken» қосымшасы арқасында қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Travelpress.kz.

2023 жылдың қазан айынан бері «Kutty Meken» қосымшасы 15 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Олардың дені Өзбекстан, Қытай, Моңғолия және Ресейдегі этникалық қазақтардың тарапынан жолданды. Енді қандас мәртебесін алу әлдеқайда жеңілдеп, өтінішті онлайн беруге болады.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ «Kutty Meken» қосымшасын «eQonaq» ақпараттық жүйесі негізінде әзірледі. Бүгінде ол мыңдағам адамға көмектесті. Өтініштің қаралу барысын жеке кабинет арқылы бақылауға болады. Қосымша іске қосылғалы бері 7300 астам өтініш беруші кандас мәртебесін алды. Сонымен бірге 2 мыңға жуық өтініш қарастырылу үстінде.

Бүгінде 25 мыңнан астам адам «Kutty Meken» қосымшасын қолданады. Техникалық қолдау қызметі 7 мыңнан астам сауалға жауап берді.

Атап өтейік, 2020 жылы Kazakh Tourism әзірлеген«eQonaq» жүйесі туризм ағынын бақылауға әрі талдауға  бағытталған.
Есепке қою туралы № KZ38VPY00083153 БАҚ куәлігі 04.12.2023 жылы берілді.