2 маусымнан бастап Кипрмен әуе қатынасы ашылады

Қазақстан жаңалықтары
02.02.2026
13:18
2 маусымнан бастап Кипрмен әуе қатынасы ашылады

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді, деп хабарлайды Travelpress.kz.


 

Аталған жұмыстар аясында «Air Astana» әуекомпаниясы Кипр Республикасының Ларнака қаласына тұрақты рейстерге билеттер сатылымын ашты.


 

Маусымнан бастап қыркүйек айына дейін әуетасымалдаушы Астана және Алматы қалаларынан Ларнака қаласына тұрақты рейстер орындайды.


 

Астанадан ұшулар 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу ұзақтығы 5 сағат 40 минут, кері 5 сағат 5 минут.


 

Алматыдан рейстер 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін бейсенбі және жексенбі күндерге жоспарланған. Ұшу ұзақтығы 6 сағат 5 мин., кері 5 сағат 30 мин.


 

Барлық рейстер заманауи Airbus A321LR үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.


 

Есепке қою туралы № KZ16VPY00118275 БАҚ куәлігі 25.04.2025 жылы берілді.