Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қыщметі мәлім етті.
Өткен жылдан бастап бір сапар аясында теміржол және автокөлікті қолдана отырып интермодальды тасымал қызметін көрсетеді. Қазіргі уақытта бұл қызметті 16,6 мыңнан астам жолаушы пайдаланды.
«Пойыз+Пойыз» қызметі іске қосылғаннан бері 14,4 мыңнан астам интермодальды билет рәсімделді, бұл билеттерді 7 мыңнан астам жолаушы пайдаланды. Бұл қызмет жолаушыға бір пойыздан екінші пойызға ауысып отыру нұсқаларын ұсынып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Онлайн-сервис bilet.railways.kz сайтында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларында қолжетімді.
«Пойыз+Автобус» қызметі №3, №67, №71, №85 және №7508 пойыз жолаушыларына Нұрлы Жол вокзалынан үйге дейін трансфер ұсынады. Автокөлік пойыз келгеннен кейін 15 минут ішінде жолаушыларды күтеді. Трансфер қала ішінде тез арада жолаушыларды жеткізу үшін арнайы автобус жолағы бойынша жүреді. Жол ақысы 850 теңгені құрайды.
Қызметті вагондағы QR-код арқылы немесе https://uvu.kz/ktz сайтында тапсырыс беруге болады. «Перроннан үйге дейін» қызметін 7,4 мыңнан астам жолаушы пайдаланған.
10 адамнан асатын ұйымдастырылған топтар «Пойыз+Автобус» немесе «Тапсырыстық автобус» қызметін пайдаланып, теміржол қатынасы жоқ Баянауыл мен Степногорск секілді солтүстік аймақ елді мекендеріне Астанадан сапарлай алады. Тапсырыс uvu.kz/salonktz сайты арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 280 жолаушы тасымалданды.
Қазақстанның көлік жүйесінің тиімділігі мен ыңғайлылығын арттыру үшін жолаушылар тасымалындағы заманауи технологиялар DB Engineering & Consulting GmbH неміс компаниясымен ынтымақтастық аясында енгізілуде.
«Серіктестік теміржол және автобус бағыттарын біріктірудің пилоттық жобаларын және «Пойыз+Ұшақ» жүйесін құруды қамтиды. Астана, Алматы және Шымкентте көлік хабтарын кеңейтіп, пойыздан пойызға ауысып отыру тәсілдерін жақсартып, өңірлердің үздік байланысын қамтамасыз ету жоспарлануда. Екі компанияның басты міндеті – жолаушыларға вокзалдан үйге дейін жайлылықты қамтамасыз ету», — деп атап өтті интермодальды тасымалдау жөніндегі бас директор Николас Сидоровс.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ немістің DB Engineering & Consulting GmbH компаниясымен бірлесіп, жолаушылар сапарын барынша ыңғайлы және тиімді ету үшін цифрлық платформаларды және әртүрлі көлік компанияларымен ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр.