Павлодар облысында тауда адасып кеткен 3 турист құтқарылды

Оқиғалар
26.07.2024
14:55
Павлодар облысында тауда адасып кеткен 3 турист құтқарылды
ТЖМ құтқарушылары жоғалған туристерге көмек көрсетті, деп хабарлайды Travelpress.kz.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Павлодар облысындағы «Бақсылар» шатқалындағы «Жасыбай» демалыс аймағынан құтқарушылар таудан 3 туристті тауып, орналастыру орнына дейін шығарып салды. Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес.
Есепке қою туралы № KZ200123 БАҚ куәлігі 10.12.2023 жылы берілді.